RU
Халықаралық іздеу жарияланған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Халықаралық іздеу жарияланған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық іздеу жарияланған Qazaq Banki-нің акционері Бақыт Ибрагим Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: golos-ameriki.ru

Көрнекі фото: golos-ameriki.ru

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, "Лидер Нефтепродукт KZ" ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Германиядан экстрадицияланған.

"Ұсталған алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен "Bank RBK" АҚ-нан аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деп күдіктелінуде. 2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 млрд теңгені және 83 млн АҚШ долларын құрайды", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура хабарлауынша, қылмысты жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалаған. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта Бақыт Ибрагим Астана қаласының тергеу изоляторында.

Сіздің реакцияңыз
3
3
3
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel