RU
ОҚО-да Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары ұсталды

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Н.С.Теңлібаевты тұтқындады. Бұл туралы МҚІСЖҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Иллюстрациялық фото: Newstracker.ru

Иллюстрациялық фото: Newstracker.ru

Теңлібаев жергілікті кәсіпкерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін қылмыстық схема ұйымдастырып, заңсыз сыйақы алды деп күдіктелуде.

Ол сонымен қатар бұл схемаға өзіне бағынышты төрт кеден бекетінің басшыларын тартқан.

Ұлттық бюро мәліметі бойынша 2017-2018 жылдар аралығында алынған заңсыз сыйақының көлемі 1,2 млн АҚШ доллары шамасында.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
2
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір