RU

Атырауда арнайы операцияның видеосы тарап кетті

Атырау тұрғындары қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстау арнайы операциясының куәгері болды. Оқиға орнынан видеоны рекдакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне оқырмандар жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, видеоға аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктілердің ұстау барысы түсіп қалған. Құзырлы орган тергеудің құпия жүріп жатқанын сілтеп, толығырақ ақпарат беруден бас тартты.

Ал Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, қалалық мазардан денесі табылған жігіттің өліміне күдікті адамдар ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735112-atyrauda-arnajy-operaciany-videosy-tarap-ketti.html