RU
Алматы облысында жоғалып кеткен музыканттың өлі денесі табылды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында жоғалып кеткен музыканттың өлі денесі табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 24 мамыр күні із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы Назар Мирзаевтің денесі табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назар Мирзаев. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Назар Мирзаев. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Полицияның мәліметінше жас жігіттің туыстары құзырлы органға тек 27 мамыр күні хабар берген.

Назардың денесі үйіне жақын жерден бүгін 2 маусымда табылып отыр. ІІД-нің атап өткендей оның денесінен зорлық белгілері табылмаған.

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, Назардың денесі үйінің маңындағы бақтан табылған.

Еске сала кетейік, музыканттың жоғалып кеткені жайлы хабарды әлеуметтік желіде еріктілер таратқан. Оларда бүгін жас жігіттің қаза болғанын мәлім етті.

Айта кетейік, Назарға іздеу салғандардың арасында Дильназ Ахмадиевада болған. Әншінің сөзінше, Мирзаев Black and white тобының дыбыс режиссері болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
2
6
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір