RU

Алматыда 5 жастағы бала менингиттен қайтыс болды

Алматыда бес жастағы балақай менингиттің тез асқынатын түрінен қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: focus.de
Иллюстрациялық фото: focus.de: UGC

Агенттіктің мәліметінше, бала 1-ші маусым күні кешкі 19:00 шамасында ауруханаға жеткізілген. Ал екінші маусым күні түнгі сағат 2-лер шамасында ол қаза болған.

Қоғамдық денсаулықтың қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың сөзінше, қазір инфекциядан қорғанудың ең дұрысы антибиотик пайдалану.

Дәрігерлер қажетті дәрі-дәрмекті тағайындап береді.

Ал екпеге келер болсақ оны салғаннан кейін ауруға төтеп беретін иммунитет тек 21 күннен кейін қалыптасуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұл Алматыда менингококк инфекциясынан көз жұмған бесінші адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735126-almatyda-5-zastagy-bala-meningitten-kajtys-boldy.html