RU
Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин менингит туралы жалған ақпарат тарауына байланысты бейнеүндеу жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

WhatsApp қолданушылары арасында тараған аудиожазбада белгісіз әйел үрейлі дауыспен балабақшаларға баратын бүлдіршіндерге менингитке қарсы антибиотикотерапия жүргізуге шақырған. Әйел өзін таныстырмайды және қай мекеменің атынан мәлімдеме жасап отырғанын да айтпаған.

"Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпаратты растамайды және әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпарларға сенбеуге шақырады. Тек министрліктің ресми ақпаратына сүйену керек", — деп мәлімдеді Бекшин Facebook-те жариялаған бейнеүндеуінде.

Оның мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 62 мен 424 аралығында менингит жағдайы тіркеледі, әр жылдары аталған аурудан көз жұматындар саны 21 адамға жетеді. Сонымен қатар, Қазақстанмен миграциялық байланысы тығыз елдерде де менингит тіркелуде.

Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойныша, Ресейде 257 адам менингит жұқтырған, Арменияда – 31, Грузияда – 39 адам.

"Көп жағдайда дәрігерге дер кезінде қаралмаған адамдар қайтыс болып жатады. Былайша айтқанда, олар "алтын" уақытын жоғалтып алады, ал ауру асқына береді", — деді Бекшин.

Осыған байланысты бас санитарлық дәрігер әзірге халық көп жүретін сауда орталықтарына, мәдени-бұқаралық шараларға бармауға кеңес берді.

"Жабық бөлмелерде, автобустар мен метрода, басқа да адам көп жиналған орындарда бір реттік маска киіп жүріңіздер. Бөлмені желдетіп, зарарсыздандырғыш құралдармен тазалық жұмыстарын жүргізіп отырған абзал. Ал егер жөтеліп, түшкіріп, тамағыңыз бен басыңыз ауырып, температура көтеріліп, бөртпе пайда болса, тез арада дәрігерге қаралыңыз", — деді Бекшин.

Айта кетсек, Қазақстанда бүгінгі таңда тоғыз адам менингиттен көз жұмды – Алматыда бес, Алматы облысында – екі, Оңтүстік Қазақстан облысында екі адам.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
1
3
3
5
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір