RU
Еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, дауыл соғады
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, дауыл соғады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа-райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін. Тек батыста, және оңтүстік-батыста күн ашық деп хабарлады Қазгидромет.

Еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, дауыл соғады

Еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, дауыл соғады

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан асады деп болжануда, кей аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, желдің екпіні – 23-28 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз кей уақытта 15-20, желдің екпіні 23-28 м/с, кей аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей аудандарда найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысында кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с жетеді, жекелеген аудандарында дауыл соғады деп болжануда, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, жекелеген ауданында найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с, күндіз жекелеген ауданында шаңды дауыл болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген ауданында шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel