RU
Ғашығын айуандықпен өлтірген тараздық жігіт екі аяғынан бірдей айырылды
Жаңалықтар Қоғам

Ғашығын айуандықпен өлтірген тараздық жігіт екі аяғынан бірдей айырылды

Рассказать Вконтакте

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру жөніндегі қылмыстық істі қарады. Кезінде табылмаған кісі өлтіруші енді аяғынан айырылып, мүгедек болып қалғаннан кейін полицияға айыбын мойындап өзі келген деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғашығын айуандықпен өлтірген тараздық жігіт екі аяғынан бірдей айырылды

Ғашығын айуандықпен өлтірген тараздық жігіт екі аяғынан бірдей айырылды

Бұл оқиға 2010 жылдың қаңтарында орын алған. Сол кезде Тараз қаласының тұрғыны Асылбек К. 23 жаста болған. Атырауға сүйіктісін - жерлесі А.-ны іздеп келеді. Онымен бірнеше күн бірге өткізген соң Алматыға кетіп, сол жақта бірге тұрып, жұмыс жасауды ұсынады. Бірақ сол кезде күйеуі мен үш баласы болған әйел бас тартады.

Асылбек Таразға оралуға шешім қабылдайды. Әйел оны шығарып салу үшін вокзалға келеді және оның өтініші бойынша бір бөтелке арақ сатып алады. Олар Контейнерный ықшамауданындағы жаяу көпір арқылы теміржол тармақтарын кесіп өтеді.

Сол жерде жігіт күйінішін арақпен басып, содан соң масайып, еліріп кетеді. Жол сөмкесінен асүй пышағын алып, бейшара әйелді 19 жерден пышақтайды. Әйел алған жарақат салдарынан сол жерде көз жұмады. Жігіт содан кейін пойызға отырып, Таразға кетіп қалады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, осы жылдар бойына Атыраудың тергеу органдары бұл қылмысты аша алмаған. Ал қылмыскер Таразда араққа салынып, ішіп кеткен. Бірде қыста көшеде ұйықтап қалып, үсіп кетіп, содан екі аяғынан айырылыпты. Енді сол жердегі полицияға өзі барып, ол жерден Атырау қаласына жеткізілген.

Сот сотталушының кінәсін мойындап келгенін және мүгедектігін ескере отырып, оны Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-тармағы бойынша (сол кездегі ескі редакциямен) қатаң режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
4
6
2
7
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір