RU
"Ол ең үздік": Қазақстандық Назима әйгілі Тиматиді тағы да есінен тандырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ол ең үздік": Қазақстандық Назима әйгілі Тиматиді тағы да есінен тандырды

Рассказать Вконтакте

Атақты Black Star Тимати ресейлік ТНТ арнасындағы "Песни" телешоуының ақтық сынында қазақстандық әнші Назимаға таңдай қақты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Ол ең үздік"

Назима

Әйгілі рэпер Назиманы "ең үздік" әрі "фаворитім" деп атап, байқау қатысушысына мақтау сөздерін жаудырды.

"Құрметті жазылушылар, осы уақытқа дейін фавориттерім бар екенін жасыра алмағаным үшін кешіріңіздер. Жоба басталған сәттен бері ОЛ - менің басты фаворитім! Кастингтегі алғашқы өнер көрсетуінен бастап мен жас әрі талантты нағыз кәсіби әншіні көрдім!", - деп жазды Тимати өзінің Instagram парақшасында.

Қазақстандық әнші 2 маусым күні өткен ақтық мәреде «Беги» атты ән орындады.

Black Star оның әнді орындау және жеткізу шеберлігін ең мықтыға теңеп, "таңғажайып финал" екенін алға тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір