RU
Атышулы жұп Ақбота мен Дәурен ұлдарын алғаш рет елге көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы жұп Ақбота мен Дәурен ұлдарын алғаш рет елге көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Атақты әзілкеш Дәурен Айдарқұловпен некесін бір жылдан кейін ғана қиған әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет 1 жасқа толған сәбиін алғаш рет көпшілікке көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақбота

Дәурен мен Ақбота

Ақботаның тұңғыш ұлы - Ибраһим есімді балақай 1 маусым күні бір жасқа толған. Әншінің өзі бұл туралы Instagram парақшасына жариялап, сәбиін тыңдарман жұртқа көрсетті.

Бөбектің тұсау кесу рәсімін жас жұбайлар Алматыдағы танымал мейрамханалардың бірінде атап өткен.

Желі қолданушылары болса әншінің ұлы Дәурен Айдарқұловтан айнымай қалғанын жарыса жазды. Алайда, "балақай Ақботаға да ұқсайды" деп пікір білдіргендер де табылып жатты.

Олар бүлдіршіннің қадамы құтты болуын тілеп, ақ жарма тілектерін жаудырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
3
2
2
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір