RU
Алматы облысында 19 жастағы қыз менингиттен көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингиттен көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингиттен көз жұмды

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингиттен көз жұмды

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 19 жастағы қыз Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасына 2 маусым күні, таңертең сағат 07.25-те түсіп, екі сағаттан кейін көз жұмған.

Оның айтуынша, қыздың қайтыс болуына оның дәрігерге кеш баруы себеп болған.

Ол 1 маусымда ауырған, кейін фельдшерді шақырып, жедел жәрдем оны алып кетіпті.

Алматы облысы бойынша ҚДСД басшысының айтуынша, қыз жақында көз жұмған бес жасар баламен таныс болыпты.

"Ол қайтыс болған бес жасар баланың ағасының құрбысы екен. Олар кездесіп, балабақшадан бірге алып қайтып жүрген болуы мүмкін", - деді департамент басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 5 жасар бала менингококк инфекциясынан қайтыс болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
8
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel