RU
Соңғы 10 жылда рак ауруына шалдыққандар саны үш есе артқан
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Соңғы 10 жылда рак ауруына шалдыққандар саны үш есе артқан

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар соңғы зерттеулер нәтижесінде жаман әдеттер мен дұрыс тамақтанбаудың, сондай-ақ, күн сәулесінің кесірінен рак диагнозы он жылдың ішінде үш есе артқанын анықтады деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Соңғы 10 жылда рак ауруына шалдыққандар саны үш есе артқан

Соңғы 10 жылда рак ауруына шалдыққандар саны үш есе артқан

Ғалымдардың айтуынша, өмір салтын өзгертіп, темекі, түрлі диеталардан бас тарту арқылы ең жиі кездесетін тері рагі мен өкпе рагінің алдын алуға болады.

Бүкіләлемдік рак ауруларымен күрес қауымдастығы мамандарыyың соңғы есебі 2016 жылы JAMA Oncology журналында жарияланды.

Онда әлем бойынша 17,2 млн рак диагнозына шалдыққандар тіркелгені, сондай-ақ әлем бойынша осы аурудан 8,9 млн адамның қайтыс болғаны айтылған.

Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 28 пайызға көп.

Зерттеуде ең көп өсім кірісі орташа және төмен мемлекеттерде байқалғаны айтылған.

Олардың айтуынша, 2016 жылы әлем бойынша өлімнің 20 пайызы өкпе рагынан болған. Ал әйелдер арасында сүт безі рагы жиі кездеседі.

Сонымен қатар, авторлар автокөлік пен өндіріс орындарының ауаны ластауы және тұрмыстық химикаттар да өкпе рагын туғызуға әсер етуі мүмкін факторлар ретінде қарастырылуы керектігін атап өткен.

"Бұл көрсеткіштердің артуына жауап ретінде аурудың алдын алу шараларын да көбейту керек. Мысалы, табактан бас тарту, денсаулықты нығайту кампанияларын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану маңызды", - дейді авторлар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір