Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ жұлдыз: Кішкентай қазақ баласы ресейлік көрермендерді таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Нұрмұхаммед Жақып есімді ақтаулық жеткіншек Мәскеуде өнер көрсетті. Ол Андрей Малаховтың «Россия 1» телеканалындағы «Привет, Андрей» атты шоуына қатысты, деп хабарлайды «Лада» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Болашақ жұлдыз: Қазақстандық бала ресейлік көрермендерді таңғалдырды (видео)
Болашақ жұлдыз: Қазақстандық бала ресейлік көрермендерді таңғалдырды (видео): UGC

Бағдарлама тақырыбы ғаламтор желісінде танылып, атақты болған балаларға арналған болатын.

Ресейлік шоумен қазақстандық әншіні таныстырғанда, оны болашақ Қазақстан жұлдызы деп хабарлады.

Нұрмұхаммед бағдарламада ана туралы әсерлі әнін орындады.

"Мен бұл әнді орындағанда, өзімнің анамды еске аламын. Бұл әнді барша аналардың құрметіне арнаймын", - деді кішкентай әнші.

Нұрмұхаммед Жақыптың өнер көрсететін уақыты: 1:06:52:

Әнші баланың талантын көбіне Instagram қолданушылары жоғары бағалайды. Соның арқасында оның 260 мыңнан аса оқырмандары бар.

Нұрмұхаммедтің тыңдармандары оның болашақ қазақ эстрадасының жұлдызы екеніне кәміл сенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735181-bolasak-zldyz-kiskentaj-kazak-balasy-resejlik-krermenderdi-tagaldyrdy-video/

pixel