RU
Ерекше чемпионат: Қырғыздар жас сәбилерді еңбектеуден жарыстырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ерекше чемпионат: Қырғыздар жас сәбилерді еңбектеуден жарыстырды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Ош қаласында алғаш рет сәбилер арасында еңбектеуден чемпионат өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қырғызстанда сәбилер арасында еңбектеуден жарыс өтті

Қырғызстанда сәбилер арасында еңбектеуден жарыс өтті

Ош қалалық жастар ісі комитеті 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Менин биринчи ийгилигим" ұранымен сәбилер арасында жарыс ұйымдастырды.

Біріншілікке 100-ге тарта бөбек қатысты. Бірінші орынды 11 айлық Әлихан Сатимбаев иеленсе, 2-орын 11 айлық Адиля Ниматиллаеваға, 3-орын 10 айлық Аруузат Соотбековаға бұйырды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарман марапатталып, сәбилердің ата-анасына құрмет грамотасы табысталды.

Бұған қоса, ұйымдастырушылардың атынан 500-ге жуық балаға балмұздақ таратылып, шығармашылық және зияткерлік байқаулар өткізілді. Сонымен қатар, интернат үйінің 40 тәрбиеленушісі киноға тегін бару мүмкіндігіне ие болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір