RU
"Самая вышка": Нұртас Адамбай желіні жарған хит әннің плагиат екенін әшкереледі
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Самая вышка": Нұртас Адамбай желіні жарған хит әннің плагиат екенін әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Былтырғы жаздың "теңдессіз" хитіне айналған ән өзге әншілерден ұрланған болып шықты. Бұл туралы аталмыш әнді өзінің филміне саундтрек етіп, тіпті оған бейнеклип түсіріп берген Нұртас Адамбай мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Отандық продюсер өзінің Instagram желісіне "Я жених" атты филмінің саундтрегі ретінде бекітілген әннің ұрланды екенін жайып салды. Ол отандық жас таланттардың бар былығын ашып тастады.

"Жақын арада Youtube желісінде "Нұртас Адамбай не жасырып жүр" атты видеоға тап болып, қатты таңғалғаным бар. Мен қазақстандық жігіттердің дара талантына мәз болып жүргенімде, "Самая вышка" басқа бір әншінің туындысы болып шықты. Бірнеше нотаны ауыстыра салу - өнер емес", - деп жазады танымал продюсер.

Қазақстандық әншілердің "Самая вышка" туындысы өткен жылдың нағыз хит әніне айналғаны сөзсіз. Алайда, өлеңнің сөзі мен әуені толықтай өз еңбектері екенін жариялаған жігіттердің өтірік айтқаны енді белгілі болды.

Нұртас Адамбай бастапқыда авторлық құқық жөнінде сұрағанда жас әншілер ол жағы дұрыс екенін айтып сендірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel