RU
Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстырғандарға жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстырғандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов өзін Геннадий Головкинмен салыстыратындарға жауап берді деп хабарлайды Prosports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстырғандарға жауап берді

Данияр Елеусінов өзін Головкинмен салыстырғандарға жауап берді

"Геннадий – шыңда тұрған адам. Геннадийді қатты құрметтеймін, себебі ол өз салмағында бәрін істеді, нағыз чемпион. Біз оны құрметтейміз, жақсы көреміз, таңғаламыз.

Әрине, менің өз жолым бар. Бұл түсінікті жайт, біз екі түрлі адамбыз. Мен де өз салмақ дәрежемде белбеулер ұтып алғым келеді.

Бірақ менің дивизионым қиындау деп ойлаймын", — деді олимпиада чемпионы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов өзінің атақты отандасының жетістігінен де жоғары межеге қол жеткізгісі келетінін айтқан еді.

"Менің арманым – абсолютті, жеңілмеген әлем чемпионы болу. Ең алдымен, өз елімді танытқым келеді, бұл менің алғашқы мақсатым, егер бәрі ойдағыдай болса, мен бұл деңгейде ұзақ уақыт боламын. Мен спорттың бұл түрін және өз жұмысымды жақсы көремін", — деді Данияр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel