Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова 5-6 бала туатын ауылдың келіндеріне бас иетінін айтты (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық танымал жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира бірнеше күннен бері Қызылорда облысы, Арал қаласында қонақ болуда. Қайын жұртында қызмет етіп жүрген Жазира желідегі парақшасында ауыл өмірімен бөлісіп, келіндерді үлгі тұтатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазира Байырбекова 5-6 бала туатын ауылдың келіндеріне бас иетінін айтты (видео)
Жазира Байырбекова 5-6 бала туатын ауылдың келіндеріне бас иетінін айтты (видео): UGC

Өзі келін болып түскен сәттерін еске алып, көпшілікті абысындарымен таныстырып жүрген әнші ауылда жүрсе де, желідегі оқырмандарынан алыстамаған.

"Ауылдың келіндері 5-6 баланы да туады, үй шаруасын да өздері істейді, қонақты да күтеді.

Макияж,прическа жасамай-ақ табиғи сұлулықтары көрініп тұрады.Үлгі болуға лайықты деп мен осындай қыз келіншектерге басымды иемін!

Видеодағы келіннің енесі де сондай тамаша,сабырлы,сұлу әже екен. Аман болыңыздар,ауылдың таза ауасындай көңілдері тап-таза адамдар!, - деп жазды Жазира өз парақшасында.

Әншінің оқырмандары болса шынайы ауыл өмірін боямасыз көрсетіп, ақ көңілін білдірген Жазираға алғыстарын білдіріп, сүйсініп қалды.

Олар "Қаймағы бұзылмаған нағыз қазақи ауыл өмірі, шынайы көрініс. Жанболат пен Жазира өздеріде қазақи болмыс-бітімімен ерекшеленетін жұлдызды жұп қой.Аман болыңыздар,айналайындар, өркендерің өссін!", - деген сынды пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735218-zazira-bajyrbekova-5-6-bala-tuatyn-auyldy-kelinderine-bas-ietinin-ajtty-video/

pixel