RU
Өлім жазасына кесілген қандықол қылмыскер өз-өзін өлтіріп тынды
Жаңалықтар Әлемде

Өлім жазасына кесілген қандықол қылмыскер өз-өзін өлтіріп тынды

Рассказать Вконтакте

Америкадағы Алабама штатының түрмесінде жазасын өтеп жатқан ер азамат өзіне-өзі қол салды. Джеффри Лин Борден өзіне тағайындалған өлім жазасын 24 жыл күтіп, ақыр соңы біреудің қолынан өлгенше өз өмірін өзі қиюды жөн санаған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

57 жастағы қылмыскердің өлі денесі кешкі тексерістен кейін табылған. Джеффри Лин Борден өзінің бұрынғы әйелі мен қайын атасын балаларының көзінше өлтіріп тастағаны үшін сотталған болатын.

1995 жылдан бастап темір торға тоғытылған ер адам соңғы кездері жүйке жүйесіндегі күрделі ауытқуларға тап болып, қайта-қайта ауыра берген.

Штаттың сот органының мәлімдеуінше, Джеффри Лин Борденге қатысты бекітілген өлім жазасы 5 қазан күні іске асырылуы тиіс еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel