RU
Менингит дерті: Алматылық әйел бір күнде баласы мен келінінен айырылды
Жаңалықтар Авто новости

Менингит дерті: Алматылық әйел бір күнде баласы мен келінінен айырылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында күні кеше 19 жастағы келіншектің менингиттен қайтыс болғанын айтқан болатынбыз. Сондай-ақ, Аида есімді әйелдің бес жасар ұлы да осы дерттен қаза тапқан болатын. Екі жақынынан санаулы сағаттарда айырылып қалған әйел жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Izhlife

Фото: Izhlife

Аида баласы қиналған сәтте Талғар аудандық ауруханасына хабарласа алмаған. Ол баласын қалалық ауруханаға өзі алып келіпті.

Оның айтуынша, ауруханада кезек өте көп болғаны сонша, 30 минут ішінде 10 шақты бала жеткізілген.

Тексеру барысында Аиданың бес жасар ұлынан менингит дерті анықталып, жансақтау бөліміне жатқызылады. Дәрігерлер қолдан келгенін жасағанымен, балақай дертінен көз жұмған.

Келінінің де дәл баласы секілді ауырып жатқанын білген Аида дереу ата-анасына хабарласып, оны ауруханаға жеткізу керектігін айтады. Бірақ 19 жастағы келінді ол уақытта ауруханаға жатқызып үлгерген екен.

Дәрігерлер науқастарды Қаскелеңнің ауруханасына алып баруға бұйрық берілгенін айтып, 19 жастағы келіншекті Талғардан Қаскелеңге алып барған. Алайда ол да осы ауруханада көз жұмады.

Санаулы сағаттарда екі жақынынан бірдей айырылған әйел енді денсаулық сақтау министрлігіне шағымданбақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
14
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір