Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алла үйіндегі шок: Танымал журналист мешітте әжейді жұлқылағандарға ашуланды

Опубликовано:

Белгілі журналист және тележүргізуші Асаубек Айымбетов Астанадағы Хазрет Сұлтан мешітінде қарт әжейді жұлқылап, шығуын кетуін талап еткен діни қызметкерлердің әрекетін сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: screen-ad.ru
Көрнекі фото: screen-ad.ru: UGC

Журналист өзінің Instagram парақшасында жазғандай, әріптесі екеуі Хазрет Сұлтан мешітіне ауызашарға барыпты. Шақырусыз келген қазақ әжейінен мешіт қызметкерлері шығып кетуін талап еткен.

Өте ыңғайсыз көрініске тап болдым. Талонсыз, шақырусыз келген қазақ әжей үстел басында ас ішіп отырған жерінен, оны админстратор жұлқылай бастады. "Шығыңыз, ереже бар, талап бар", деп самайын ақ шалған кейуананы көптің көзінше масқаралай бастады. Тіпті күзетшілерді шақырды. Менің көзім атыздай болды.

Қасиетті Рамазан айында, мейірім мен тазалық мекені мешітте осындай жағдай болады деп ойламаппын. Алланың үйінде айқай шығып, жұпыны киінген міскін әжейді жұлқылайды деп кім ойлаған?

Бұл мәселені өзгеше шешуге болмас па еді? Ұяттан бұрын, бұл сұмдық көрініс! Кәсіпкерлердің қаражатына жасалып отырған ауызашарда жағдайы жоқ кейуананы сыртқа қуу қай шариғатта көрсетілген?

Ана әжейден ешкім кешірім сұрамады-ау деп әлі ұйқым төрт бөлініп жүр! Алла үйіндегі оқиға мен үшін ШОК!", - деп жазды журналист.

Асаубектің айтуынша, түсініспеушілік орын алғасын оны мешіт қызметкерлері кері шақырған, алайда ол үйіне қайтып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735231-alla-jindegi-sok-tanymal-zurnalist-mesitte-zejdi-zlkylagandarga-asulandy/

pixel