RU

Далаға ойнауға кеткен жеті жасар қыздың өлі денесі тоңазытқыштан табылды

Ресейдегі Белово қаласында жоғалып кеткен жеті жасар қыз өлі күйде табылды. Кемерево облысының тергеу басқармасының ресми сайты марқұмның денесі далада тұрған тоңазытқыш ішінде болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: techno.rf
Фото: techno.rf: UGC

Жеті жасар балақай 29 мамыр күні далаға ойнауға кетіп, үйіне сол қалпы оралмаған. Алдымен іздестіру жұмыстарын өздігінен жүргізген қыздың әкесі әрекеттері нәтиже бермеген соң полицияға жүгінеді.

Қыз баланың денесінен зорлық әрекеттерді дәлелдейтін жарақаттар табылмаған.

Жақын арада балақайдың өліміне қатысты сот сараптамасы белгіленетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735233-dalaga-ojnauga-ketken-zeti-zasar-kyzdy-li-denesi-toazytkystan-tabyldy.html