RU
Болгарияда шекараны кесіп өткен буыз сиырға өлім жазасы кесілді
Жаңалықтар Әлемде

Болгарияда шекараны кесіп өткен буыз сиырға өлім жазасы кесілді

Рассказать Вконтакте

Болгарияда Еуроодақтың шекарасын заңсыз кетіп өткен буаз сиырды ұйықтатып тастады деп хабарлайды lenta.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Lenta.ru

Көрнекі фото: Lenta.ru

Пенка есімді үй жануары Копиловцы ауылының маңында жайылып жүрген. Біраз уақыт өткесін ол болгар-серб шекарасына жетіп, Еуроодақтың аумағынан шығып кеткен.

Сиырды жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалып, оны иесіне қайтарған. Сербтік мал дәрігерінің айтуынша, үй жануары сау болған. Алайда Болгария билігі шекараны заңсыз кесіп өткені үшін оны ұйықтатып өлтіру керектігін жеткізген.

Бұл шешім мал иесінің шамына тиген. Оның айтуынша, шекараны кеспек болғанда оны ешкім тоқтатпаған және ол үш айдан кейін туады.

Билік өкілдері Еуроодақтың заңына бағынғандықтан Пенканы аман алып қалу мүмкін еместігін айтқан.

"Мұның бәрі бізге байланысты емес. Біз Брюссель заңына бағынамыз", - деді болгар мал дәрігерлік қызметінің өкілі.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
5
3
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel