RU
Луина ашық-шашық клипі үшін ағасымен сөйлеспей кеткенін мәлімдеді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Луина ашық-шашық клипі үшін ағасымен сөйлеспей кеткенін мәлімдеді (фото)

Рассказать Вконтакте

Луина жақында ғана жарыққа шыққан "Hey yo" бейнебаяны үшін ағасымен сөйлеспей қойған. Қарындасының жаңа клипіне өкпелеген ағасы, туыстарға арналған топтан шығып кетіп, қарындасымен сөйлесуді доғарған деп хабарлайды "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Луина. Фото: Если честно

Луина. Фото: Если честно

Бұл жайында әншінің өзі айтып берді.

"Ағаммен бірнеше аптадан бері сөйлеспей кеттік. Барлығы жаңа бейнебаяным үшін. Өзгелердің одан не тапқанын білмеймін. Бірақ бұл біз үшін қалыпты жағдай. Ол мен үшін уайымдағаны үшін кейде осылай жасап тұрады. Не дегенмен намысты батыстың жігіті ғой", - деп ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші кеудесіне ота жасатқан болатын. Сондай-ақ жаңа бейнебаянына әріптес құрбыларын шақырып, елді шулатқан клип түсірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір