RU
Астанадағы тәулігі 120 мың теңге тұратын жалдамалы пәтерлер қандай?
Жаңалықтар Қоғам

Астанадағы тәулігі 120 мың теңге тұратын жалдамалы пәтерлер қандай?

Рассказать Вконтакте

Астанада пәтерді сатып алу былай тұрсын, тіпті жалға алудың өзі республиканың өзге аймақтарына қарағанда қымбат болып шықты. Мәселен елордада тәулігі 120 мың теңге тұратын жалдамалы пәтерлер бар екен. Мұндай пәтерлердің денін шетелдік азаматтар жалға алатын көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Елордадағы жалдамалы пәтерлердің бағасы мен ондағы жалға алушыға қажет жағдай – оның орналасу орнына тікелей байланысты болып шықты. Мысалы қаланың оң жақ жағалауына қарағанда сол жағалауындағы пәтерді жалға алу құны әлдеқайда қымбат екендігіне көз жеткіздік. Тек сол жағалаудың қақ ортасындағы "Бәйтерек" монументі жанындағы жалдамалар пәтерлер бағасы шамамен тәулігіне – 20 – 100 мың теңге аралығындағы бағаны құрайтын болып шықты.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Сол сияқты қаланың сол жағалауында орналасқан "Северное сияние" тұрғын-үй кешенінің кей пәтерлерінің иелері тәулігіне 113 мың теңге сұрайтын көрінеді. Айта кетерлігі бұл баспана "Керуен" сауда үйі, "Қазмұнайгаз", "Қазмедиа орталығы", "Қазақстан темір жолы" сынды сол жағалаудағы маңызды нысандардың жанында бой көтерген. Айтпақшы мұндай пәтерлерде алда-жалда "камин" де кездесіп жатады.

Көрнекі фото ашық дереккөзден алынды

Көрнекі фото ашық дереккөзден алынды

Бұдан бөлек депутаттар қоныс тепкен "Нұрсая" тұрғын-үй кешені пәтерлерінің де бір тәулікке жалға алу бағасының шарықтап тұрғаны белгілі болды. Мәселен мұндағы кейбір бір бөлмелі пәтерлердің тәуліктік жалға алу құны – 105 мың теңгені құрайтын болып шықты. Пәтер иелерінің хабарландыруына сәйкес, мұндай пәтерлерде клиентке қажет жағдайдың бәрі жасалған. Бұл пәтерлерде тегін WiFi қызметінен бастап тіпті салқындатқышқа дейін болады екен.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Тәулігі 113 мың теңге тұратын келесі бір пәтер сол жағалаудағы "Уют" тұрғын-үй кешеніне тиесілі. Айта кетерлігі бұл үй "Министрліктер үйі" мен "Жасыл бульвар" сынды сол жағалаудағы маңызды нысандар ауданында орналасқан. Пәтер иелері берген хабарландыруларға сәйкес мұндай пәтерлерде тіпті джакузи де бар екен.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Қаланың сол жағалауынан бөлек оң жағалаудағы элиталы тұрғын-үй кешендерінің де бір тәулікке жалға алу бағасы шарықтап тұр. Мысалы Есіл өзенінің бойында орын тепкен "Grand Alatau" кешенінен тәулігі 35 мың теңгені құрайтын пәтерді таба аласыз.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Десе де оң жағалаудағы пәтерді жалға алу құны ең қымбат тұрғын-үй кешені корей елінің компаниясы салған "Хайвилл" кешені болып шықты. Бір бөлмелі пәтерді бір тәулікке жалға алу құны мұнда – 120 мың теңгені құрайды. Бұл баспананың басқалардан ерекшелігі де сол – ол елордадағы "ақылды үй" қағидаттарымен бой көтерген бірден-бір баспана болып саналады. Онда сауна, джакузиден бастап клиентке қажет барлық жағдайлар жасалатын көрінеді.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

"Негізінен мұндай бағасы қымбат пәтерлерді көбінесе шетелдік меймандар жалға алып жатады. Олардың көпшілігін іссапармен Астанаға келіп жатқан жандар құрайды. Мәселен шетелдіктерге тәулігіне қымбат сома сұрайтын қонақүйлерге қарағанда осындай пәтерлерді жалға алған тиімді. Себебі мұндай пәтерлерде көргендеріңіздей барлық жағдай жасалған", - дейді астаналық риэторлық компания өкілдерінің бірі.

P.S. Бір қызығы мұндай пәтерлерге балаңыз бен немесе үй жануарыңызбен кіре алмайсыз. Пәтер иелерінің талабы сондай. Айтуларынша кішкентай жеткіншектер мен ит-мысықтар ондағы қымбат ремонт пен жиһаздың "тас-талқанын" шығарады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
3
2
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір