RU

Қазақстан жолы ең нашар 30 елдің қатарына кірді

Әлемнің үздік мамандары жол cапалығы жөніндегі мемлекеттер тізімін жасап шығарды. Автожол жағдайының жақсыдан нашарға кему бағытында құрылған рейтингке 137 ел кірген. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, ең сапалы жол иелері болып біріккен Араб әмірлігі, Сингапур және Швейцария мемлекеттері танылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: espresso.org.ua
Фото: espresso.org.ua: UGC

Бұл туралы әлемнің экономикалық форумының ресми сайтында мәлімделген болатын.

Мамандар жол сапалығын 7 баллдық көрсеткіш бойынша бағалаған. Рейтингтің көш басындағы ел 6,4 балл жинады.

Америка құрама штаттары 5,7 балл алып, тізімнің оныншы орнына жайғасқан.

Ең нашар жолдарға ие мемлекеттер сапында Мавритания (2 балл), Конго және Гаити (2,1 балл) бой көрсетті.

2,9 балл алған Қазақстан рейтингтің 115-ші орнын иемденген. Арттан санағанда 23-ші болған біздің ел жолдары ең нашар мемлекеттердің отыздығына заңді түрде еніп отыр.

Ресей бір деңгейге ғана жоғары болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735247-kazakstan-zoly-e-nasar-30-eldi-kataryna-kirdi.html