RU
Қызылордада 27 жастағы ер адам менингиттен қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылордада 27 жастағы ер адам менингиттен қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының 27 жастағы тұрғыны аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол менингококк жұқпасымен ауруханаға жеткізілген болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнеі фото: ГТРК Вятка

Көрнеі фото: ГТРК Вятка

Қазір Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты арнайы штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр.

"Қайтыс болған ер адаммен жақын қарым-қатынаста 15 адам болған. Олардың талдау нәтижелері оң. Менингит жұқпасы анықталмағандықтан оларды үйлеріне қайтардық. Бірақ дәрігерлер жағдайларын бақылап отыратын болады", - деді өз сөзінде Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазір менингитке қарсы вакцинаны күтіп отыр. Жақын арада халыққа вакцина егу жүргізіледі. Ер адамның қалай жұқтырғаны туралы дерек жоқ. Ол басқа облыстарға шықпаған.

Еске сала кетейік, өткен аптада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғынында менингококк жұқпасы анықталған. 27 жастағы ер адам дереу аудандық ауруханаға жеткізілген болатын. Ол Шалқия аулылының қарапайым жұмысшысы болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір