RU

Сара Тоқтамысова өнердегі әріптестерінің ерсі қылықтарына қарсы шықты

Танымал айтыскер, соңғы уақытта той әндерімен танылып жүрген Сара Тоқтамысова телеарнадан бейнебаянын ұсынатын жартылай жалаңаш қыздарды сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сара Тоқтамысова. Фото: Instagram
Сара Тоқтамысова. Фото: Instagram: UGC

Ақын өзгелердің бұндай істері үшін өзі ұялатынын айтты.

"Бүгін теледидардан бір клипті көзім шалып қалды. Қазақи ортада өскен, қазақтың қызы әр клипте, әр кинода әртүрлі еркекпен біресе жабысып, біресе аймаласып түсе береді. Жәй бір ишара танытып құшақтасқандай болып, түсіп жатса мейлі ғой. Кәдімгідей жабысып, өзің ұяласың тіпті. Басқаша тәрбиеленген жан болса, мейлі ғой. Кәдімгі қазақша сайрап тұрған қазақтың қызы үшін қысыласың.

Сосын ойлап қоямын, мынаны көрген әке-шешесі: " Міне, менің қызым өнерлі"-деп кеудесін көтеріп мақтанып отырар ма екен? Әлде "осындайға жолап не керегі бар" - деп сәл де болса кейіс танытар ма екен. Менің әкем көрсе сондай өнерімді, тіпті қандай күйге түсерін елестету қиын.

Кейін жылдар өтеді. Күндер өтеді. Ол кино, клип дегенің бәрі арxив қой. Сақталып қалады дегендей. Сонда күйеуімен, бала-шағасымен еш қысылмай, әр жерде әркіммен жабысып тұрғанын міз бақпай, көріп отыра берер ме екен деп ойлаймын", - деді Тоқтамысова Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735253-sara-toktamysova-nerdegi-riptesterini-ersi-kylyktaryna-karsy-sykty.html