Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптасына үш рет жыныстық қатынасқа түсу денсаулыққа пайдалы болып шықты

Опубликовано:

Түрік ғалымдары аптасына үш рет жыныстық қатынасқа түсу бүйректегі тастардан арылуға көмектесетінін анықтады. Бұл әсіресе ер адамдарда жиі кездеседі екен деп хабарлайды lifter.com.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: oboi-dlja-stola.ru
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: oboi-dlja-stola.ru: UGC

Жыныстық қатынастың көмегімен бүйрегіңіздегі 5 миллиметрден аспайтын кішкентай тастардан құтылуға болады. Зерттеушілер 75 адамға тәжірбие жүргізу барысында осындай тоқтамға келген.

Үш топқа бөлінген тәжірибеге қатысушылардың бірінші тобы аптасына 3-4 рет жыныстық қатынасқа түсіп отырады. Екінші топ тамсулозин дәрісін қабылдайды, ал үшінші топ қалыпты ем қабылдап жүреді.

Нәтижесінде екі аптадан кейін бірінші топтағы 31 қатысушының 26-сы бүйректегі тастарынан толықтай арылғаны байқалған.

Ғалымдар бүйрегінде кішігірім тастары бар ер адамдарға жиі жыныстық қатынасқа түсуге кеңес береді.

Ал тастың пайда болуын болдырмау үшін көбірек таза су ішкен дұрыс екен.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1735258-aptasyna-s-ret-zynystyk-katynaska-tsu-densaulykka-pajdaly-bolyp-sykty/

pixel