RU
Бердібек Сапарбаевтың қызметінен босатылғаны рас па?
Жаңалықтар Қоғам

Бердібек Сапарбаевтың қызметінен босатылғаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен кетті деген ақпарат желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түскен болатын. Осыған байланысты Керек.info басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы жұртты шулатқан мәліметтің ақ-қарасын айырып көрген.

Фото: kerek-info.kz

Фото: kerek-info.kz

Желіде тараған ақпарат мәтініне сүйенсек, Ақтөбе облысын енді Бердібек Сапарбаев емес, Алтай Көлгінов "басқаратын" болады. Халқына жақын әкімін тез арада ауыса қояды деп ойламаған ақтөбеліктер бұл жаңалықтан абдырап қалды.

Алайда Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін айтып, тез арада жоққа шығарып тастады.

"Ақтөбе облысы әкімінің ауысуы жайында таратылған ақпарат - жалған. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда жұмыс орнында", - деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы Қанат Құлшыманов.

Ал әлеуметтік желіде бұл жаңалықты ауыр қабылдап, Сапарбаевтың "кететініне" көңілі түскендер де болды.

"Кейде Бердібек Сапарбаев кетіп қалса екен деймін. Бәрібір жақсы ат жоқ. Өз басым бұл кісіні сыйлап өтемін. Бүгінгі жайт тым шектен шыққандық. Жаңа әкімді тағайындай салыпты. Фотошоптың көмегімен. Бізде көп нәрсе тегін болмайды ғой. Біреулер әдейі тамырын басып көріп жатыр ма екен деген ойлар келеді. Бәлкім Көлгіновтің Ақтөбенің билігінен дәмесі бар шығар, мүмкін оны әкім болып кетеді-ау деп бәзбіреулер ертерек қағып түсірудің амалын қылып жатыр ма, түсінбейсің. Оларда шатағым жоқ. Маған салса бірі өліп, бірі қалсын. Тек Бердібек Сапарбаев аман жүрсе болды. Кейін ол кісі әкім бола ма, басқа бола ма, шаруам жоқ, тек дені сау болып, аман-есен, жақындарының ортасында, күліп-ойнап, ұзақ жасап, жүре берсе болды,- деп жазды журналист Асқар Ақтілеу әлеуметтік желідегі өз парақшасына.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
2
4
1
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel