RU

Жыныстық қатынасқа түсуден алдына жан салмайтын елдерді білесіз бе?

АҚШ-тың сексолог-мамандары жыныстық қатынасқа түсуден алдына жан салмайтын Еуропадағы елдер рейтингін құрды. Бұл туралы NUR.KZ порталы vistanews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: vistanews.ru
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: vistanews.ru: UGC

Ауқымды сауалнама жүргізген мамандар бұл тізімде британиялықтар, италиялықтар мен немістерді көш соңына жайғастырды.

Ал ең жиі жыныстық қатынасқа түсетін ел Чехия болып шыққан. Чехиялықтардың төсек қатынасына аптасына бір реттен артық түсетінін белгілі болды.

Ал екінші орынды испаниялықтар иеленді. Онда ерлі-зайыптылар айына үш реттен артық жыныстық қатынасқа түседі екен.

Гинекология профессоры Джордж Саймон бұл көрсеткішке бірінші кезекті менталитет әсер ететінін алға тартуда.

Сауалнамаға Еуропаның 13 елінен 915 ерлі-зайыпты қатысқан.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735273-zynystyk-katynaska-tsuden-aldyna-zan-salmajtyn-elderdi-bilesiz-be.html