RU
Миллионер қала: Шымкент еліміздің үшінші мегаполисі атанды
Жаңалықтар Қоғам

Миллионер қала: Шымкент еліміздің үшінші мегаполисі атанды

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі атанды. Бұл туралы ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев мәлімдеп, облыс жұртшылығын құттықтады деп хабарлайды Аptanews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкент

Шымкент. Фото: aptanews.kz

Облыс және қала әкімдерінің үндеуінде Шымкенттің үшінші мегаполис атанғаны тарихи маңызды оқиға ретінде аталып өтілген.

"Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары.

Миллионер-қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар. Барлығы қаланың дамуына жаңа серпін береді. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті.

Шымкент

Шымкент. Фото: aptanews.kz

Бізді алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы — бұл жаңалық Шымкент қаласын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып, әрбір қалалықтың өміріне жаңа серпін береді, оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Бұл – сонымен қатар, біз үшін асқан жауапкершілік.

Себебі біздің қаламызда қонақжай, қайырымды, ең бастысы, еңбекқор халық тұрады. Біз бәріміз бірге Шымкентті елбасы күткендей «ақылды», «жасыл» әрі қауіпсіз қалаға айналдырамыз деп сенеміз", — деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel