Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Босанған әйелдердің дауысы өзгеріп кететіні рас па?

Опубликовано:

Ұлыбритания ғалымдары босанған әйелдердің дауысы өзгеріп кететінін анықтады. Олар баласын дүниеге әкелген нәзік жандының дауысы бір-жарым екі тонға жіңішкеріп кететінін айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы popmech.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүкті әйел. Көрнекі фото: popmech.ru
Жүкті әйел. Көрнекі фото: popmech.ru: UGC

Суссекс университетінің зерттеушісі Катаржина Пизански әріптестерімен бірге 40 адамға зерттеу жүргізген.

Әдетте адамдардың 12−14 жасында дауысы өзгеріп жатады. Ал әйелдердің дауысы өмірінде бірнеше рет өзгеріске ұшырайтыны анықталды.

Нәзік жандының дауысы жеткіншек кезінде бір құбылған болса, кейін баланы дүниеге әкелгенде және климаксқа ұшырағанда да өзгеріп кететін болып шықты.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, әйелдер босанғанда дауысы бір жарым-екі тонға жіңішкереді. Бұл құбылыс нәрестесі бір жасқа толғанға дейін жалғасады екен.

Мұндай өзгерістерді ғалымдардан бұрын Адель секілді белгілі әншілер байқап қойған. Олар жүктіліктен кейін дауысының қалпына келуі бір жылға созылғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1735279-bosangan-jelderdi-dauysy-zgerip-ketetini-ras-pa/

pixel