RU
"Әпкем сияқты": Тәуекел Мүсілім 18 жастағы ғашығы жайлы шындықты айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Әпкем сияқты": Тәуекел Мүсілім 18 жастағы ғашығы жайлы шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Өнер әлемінде өзінің сымбатымен талай аруды ғашық еткен Тәуекел Мүсілім кездесіп жүрген сұлуы жайлы мәлімдеме жасады. Актер өзінен 11 жас кіші бойжеткенмен көңіл жарастырған деп хабарлайды "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім. Фото: Instagram

Тәуекел Мүсілім. Фото: Instagram

Актер сүйіктісінің әлі де жоғары оқу орнында оқитынын айтып, үйленуді бір-екі жыл көлеміне жоспарлағанын алға тартты.

"Қазір кездесіп жүрген қызым бар. Үйлену жағы белгісіз. Әлі оқу оқиды. Ол 18 жаста. Менен 11 жас кіші.

Бірақ 18 жастағы қыз деп айтпайсың. Өмірге деген көзқарасы тұрақталған.

Көбінесе ер-азаматтар анасына ұқсайтын қыз іздейді ғой. Мен оны алғаш көргенде әпкемді көргендей болдым. Маған мінезімен ұнады", - деп ағынан жарылды Тәуекел Мүсілім.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
2
0
26
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір