RU
Луина 26 жыл көрмеген туған анасымен қайта кездесуге қорқып отыр (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Луина 26 жыл көрмеген туған анасымен қайта кездесуге қорқып отыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Луина "Если честно" бағдарламасы арқылы өзінің жеке өміріндегі өзгерістермен қатар ең жақын адамы анасы жайлы сыр шертті. Луинаның бес жасында анасы үйден шыққаннан, хабарсыз кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Луина анасымен. Фото: скриншот

Луина анасымен. Фото: скриншот

Әнші 26 жылдан бері анасын кездестірмеген.

"Менен бұрын ағам қатты алаңдайды. Себебі мен ол кезде бес жаста болғанмын. Ал ағам есін біледі. Тоғыз жаста. Бірақ содан бері көңілімде қалған нәрсе көп. Сонда да анамды қайтадан көремін деген үмітім үзілмеген. Егер ол өмірде жоқ болса, түсіме кірер еді. Алайда ол, түсіме кірмеді. Демек, тірі.

Анамды көруге асықсам да, қорқынышты. Ол кісі келіп тұр. Есіктің артында деп ойлаудың өзі қорқынышты. Бірақ бұл - өмір", - деді әнші.

"Время" басылымының хабарлауынша, әншінің анасы Казалия-Катя үй киімімен ешқандай құжатсыз шығып кетіп, жоғалып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
1
2
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір