RU
"Реалда" кездескенше: Модрич Неймарға мадридтіктер оны күтіп жатқанын айтты (видео)
Жаңалықтар Әлемде

"Реалда" кездескенше: Модрич Неймарға мадридтіктер оны күтіп жатқанын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Хорватия құрама командасының футболшысы Лука Модрич Бразиялия құрамасымен өткен достастық кездесу соңында Неймармен футболка алмасып, жылы лебізін білдіріп те үлгерді деп хабарлайды sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Бұрындары бір-бірін жеп қоя жаздайтындай болған футболшылардың қарым-қатынасында өзгеріс байқалған. Ел құрамаларының ойынынан кейін өзара ықыластық пен сыйластық танытқан аяқдопшылардың әрекеті Неймардың "Реал" сапына өтуіне байланысты болса керек.

Ойын соңында Неймар "Реал" футболшысы Лука Модричтің футболкасына өз қолтаңбасын қойып жатқанда, хорват аяқдопшысы оған "Біз сені күтудеміз" деп айтты.

Әріптесінің айтқан сөзіне бразилиялық футболшы күлімсіреп қоя берді.

Футбол жанкүйерлері бұл оқиғадан кейін бірден, Неймардың мадридтік команда құрамына келетінін шешіліп қойған мәселеге теңеді. Олардың айтуынша, "ПСЖ" шабуылшысы Модричтің сөзіне тіпті қарсылығын да білдірмеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір