RU
"Харам ойын": Тәжікстанның бас мүфтиі бокспен шұғылданбауға шақырды
Жаңалықтар Қоғам

"Харам ойын": Тәжікстанның бас мүфтиі бокспен шұғылданбауға шақырды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанның бас мүфтиі бокс пен ережесіз жекпе-жекті харам, яғни исламда тыйым салынған деп мәлімдеді. Бұл туралы Тәжікстан улемдер кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода Душанбедегі жұма намазында айтты деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бас мүфтий - Саидмукаррам Абдулкодирзода. Фото: rus.azattyq.org

Бас мүфтий - Саидмукаррам Абдулкодирзода. Фото: rus.azattyq.org

"Діни тұрғыдан қарасақ, бокс пен ережесіз жекпе-жек харам болып есептеледі. Өйткені олар адам денсаулығына нұқсан келтіріп, оны мүгедек етуі мүмкін",- деді Абдулкодирзода. "Ақша тігілетін барлық ойын түрлері мен жекпе-жектер харам. Уақытты бекер, яғни тән мен жан саулығы пайдасына қарсы өткізу - харам", - деп жалғады сөзін мүфти.

Оның ойынша, тәжік жастары пайдалы спорт түрімен, мысал үшін күреспен айналысулары керек.

Тәжікстанға танымал бапкер Носир Азимовтың айтуынша, ол бокстың харам екенін мүфтийден бірінші рет естіп отыр. Бокстан әлем чемпионы Мавзуна Чориеваның бапкері Азимовтың білуінше, барлық мұсылман елдері боксты мойындаған.

Ол мүфтийдің осы сөзі елдегі бокс спортының дамуына кері әсерін тигізе ме деп қорқып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір