RU
Министр: Карантин жариялағаннан ешқандай пайда жоқ
Жаңалықтар Қоғам

Министр: Карантин жариялағаннан ешқандай пайда жоқ

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі «менингококк инфекциясына шалдыққан және аталған індеттен көз жұмған науқастардың барын», сондай-ақ «олардың санына қатысты қандай да бір жарияланбаған ақпараттың» жоқтығын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Министр: Карантин жариялағаннан ешқандай пайда жоқ

Министр: Карантин жариялағаннан ешқандай пайда жоқ

Министрдің айтуынша, ендігі кезекте ведомство өкілдері аталған жайтқа қатысты жаңа ақпаратпен күн сайын, министрліктің баспасөз қызметі алаңында бөлісіп отырмақ екен.

«Аталған жайтқа қатысты ақпарат жетіспей жатқандықтан сіздердің алдарыңызға бүгін келіп отырмыз. Бүгіннен бастап біз күнделікті қажетті ақпартты таратпақпыз. Бізде вирусқа шалдыққан және одан көз жұмған науқастардың саны бар. Ешқандай «тығып қойған» науқастардың саны жоқ», - деп кесіп айтты министр.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрі «менингококк инфекциясынан мерт болған науқастардың саны 12-ні құраса да, елде неліктен карантин жарияланбады?» деген сауалға да жауап беріп өтті.

«Карантин жариялағаннан ешқандай пайда жоқ. Себебі қазіргі күнде ауырып жатқан науқастардың саны жалпы шектік деңгейден аспай тұр. Халық аурудың алдын алып, дер кезінде мамандар көмегіне жүгінсе сол да жеткілікті», - деп түсіндірді Елжан Біртанов.

Сөз соңында еліміздің бас дәрігері «өзінің де, балаларының да менингококк инфекциясына қарсы екпе алмағандығын» айтып өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір