RU
Ауруханада масаға таланған шымкенттіктер үйлерінде емделуге мәжбүр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ауруханада масаға таланған шымкенттіктер үйлерінде емделуге мәжбүр (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасында масаға таланған науқас балалар үйіне қайтып жатыр. Ыстығы көтеріліп баласымен ауруханада стационарлық ем алып жатқан аналар перзенттерін емдеп емес, масадан түнімен қорғауға мәжбүр болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Ауруханада масаға таланған шымкенттіктер үйлерінде емделуге мәжбүр болған

Ауруханада масаға таланған шымкенттіктер үйлерінде емделуге мәжбүр болған

Осыдан бір апта бұрын дене қызуы түспей қойған кішкентай қыз анасымен бірге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен болатын. Алайда, уәде еткен ем орнына балақай аурухананың масаларына таланған.

"Қызым грипп жұқтырып, жедел жәрдеммен ауруxанаға түстік. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруxанасындамыз. Мақсатымыз ем алып,асықпай шығу еді. Бірақ бұған қаптаған маса мүмкіндік берер емес. Талап жатыр. Өздері ірі, саны көп. Мұнда бір күн де жату мүмкін емес.
Ертең отказной жазып, масадан бас сауғалап қашамыз деп нық бекініп отырмыз. Қызымның бет-аузы мен денесінде сау-тамтық жоқ. Бұл - біздің түскенімізге бір екі күн болғандағы жағдай. Бір-екі апта жатсақ баламның қалай азап шегетінін елестете алмаймын.
Ауруханада масаға таланған шымкенттіктер үйлерінде емделуге мәжбүр болған

Ауруханада масаға таланған шымкенттіктер үйлерінде емделуге мәжбүр болған

Шаққан жерді ісіріп, дуылдатып ұзақ уақыт қышытып, бала ұйқы көрмей мазасызданады. Маса қан арқылы түрлі ауру тарататынын ойласам қорқып кетем, түрлі диагнозбен қаншама бала жатыр... Қызым грипп. Қызуы көтеріліп жатса да масамен алысуға мәжбүр...
Төсек-орынның жетіспеуіне түсіністікпен қарасақ та, масаның шабуылына шыдай алмадық. Тиісті мекеме москитная сетка орнатып, дәрі шашып, тиісті шара көрмесе, балаларға обал!"-деп жазды Нұрзина Төреханова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ауруханада масаға таланған шымкенттіктер үйлерінде емделуге мәжбүр болған

Ауруханада масаға таланған шымкенттіктер үйлерінде емделуге мәжбүр болған

Палатадағы аналар түнімен масаны қорып, қор болғандықтан аурухана емінен бас тартып, үйде ем алғанды жөн деп тауыпты. Москитті сетка түгілі, демалыс күндері ауруханада төсек жаймалары жетіспей қалған көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel