RU
Танзаниядағы атақты сиам егіздері 21 жасында көз жұмды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Танзаниядағы атақты сиам егіздері 21 жасында көз жұмды (фото)

Рассказать Вконтакте

Танзаниядадағы атақты сиам егіздері Мария мен Консолата Мвакикути жергілікті ауруханалардың бірінде көз жұмды. Соңғы жарты жылын дәрігерлер бақылауында өткізген апалы-сіңлілер 21 жаста еді. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Мария мен Консолата Мвакикути

Мария мен Консолата Мвакикути

Мария мен Консолатаның бауыры, өкпесі мен басқа да мүшелері бір болса да, жүректері мен бастары екі бөлек болған.

Танзания президенті Джон Магуфули өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында егіз қыздардың қазасына қатты қайғырып отырғанын жеткізген.

Марқұм болған арулар жоғары оқу орнын бітірген соң ұстаздық жолда қызмет етуді армандаған екен. Сондай-ақ олар ота арқылы екіге бөлінуден бас тартып, тіпті бір ер азаматқа тұрмысқа шығуды жоспарлапты.

Мария мен Консолата Мвакикути

Мария мен Консолата Мвакикути

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір