RU

Алматыда тағы бір адам менингиттен қайтыс болды

27 жастағы Алматы тұрғыны Олжас Сүлейменов менингококк инфекциясынан қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото web2ua.com
Көрнекі фото web2ua.com: UGC

Марқұмның досы айтып бергендей, Олжас алғаш рет дәрігерге 2 маусым күні қаралған екен. Ауруханада оған жедел респираторлық-вирустық инфекция деген диагноз қойып, бірнеше антибиотиктер қабылдауға кеңес беріп, үйіне шығарып салған.

Алайда жігіт үйіне қайтқан соң, кешкісін жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Ал таңертең ол қаза табады.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер науқастың дәрігерге тым кеш көрінгенін айтып отыр. Ол алғаш рет ауруханаға келгенде ем қабылдаудан бас тартқан дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735321-almatyda-tagy-bir-adam-meningitten-kajtys-boldy.html