RU

Босанғаннан кейін қылдай болып арықтап кеткен Салтанат Бақаева елді қызықтырып қойды

Үшінші сәбиін босанғанына аз уақыт өтсе де, артық салмағынан арылып үлгерген Салтанат Бақаева көпшілікті қызықтырып қойды. Сұлу да сымбатты болғысы келген қыз-келіншектер әншінің қандай құпиясы барын біле алмай әлекке түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақаева. Фото: Instagram
Бақаева. Фото: Instagram: UGC

"Қалаулым" бағдарламасына қонаққа келіп, өнер көрсеткен әншінің артық салмағынан арылып, бұрынғы сымбатына қайтадан қол жеткізгенін желі қолданушылары байқап үлгерген.

"Әдемі болып тұрсыз ғой", "Қалай жылдам салмақ тастадыңыз?", "Үш баланың анасы деп кім айтады?", "Сұлусыз ғой", "Сіз сияқты тез арықтасам ғой", "Сізге қарап қызығып отырмын".

"Құпияңызбен бөлісіңізші", "Мен қанша арықтайын десем де болар емес", "Салтанат ханым, біздің де әдемі болғымыз келеді. Өзіңізді қалай күтесіз?" деді оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735322-bosangannan-kejin-kyldaj-bolyp-aryktap-ketken-saltanat-bakaeva-eldi-kyzyktyryp-kojdy.html