Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ең беделді мектепте оқитын түлек бітіру кешіне қанша қаржы жұмсайды?

Опубликовано:

Оқу жылы аяқтала саласымен ата-ана мен жас түлектің жүгірісі басталады. Алдағы емтиханнан бастап мектеп бітіру кешіне дейін қарқынды дайындықты талап етеді. NUR.KZ тілшісі қызы биыл мектеппен қоштасқалы отырған ата-анамен тілдесіп көрді.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Атын жасырын түрде қалдыруды сұраған алматылық тұрғынның қызы биыл мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Айтуынша қызы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі.

Оқу ордасының биыл түлектер кешіне 65 мың теңгеден жинап жатыр. Бұған арнайы аттестатпен марапаттау рәсімі, фуршет, мектеп мұғалімдері естелік сыйлықтар, фото альбом мен түлектердің өздері ғана баратын мейрамхана бағасы кіреді.

Сонымен қатар мектеп бітіруге дайындалып жатқан қызына арналған екі түрлі көйлектің бағасы бар.

"Қызым көңілі қалаған көйлекті дүкендерден таппаған соң, жеке өзіне арнап тіктіруді жөн көрдік. Арнайы тапсырыс арқылы екі көйлек 80 мың теңгеге тігіліп жатыр. Сосын екі түрлі аяқ киім мен қол сөмкесі үшін 30 мың теңге тағы қосамыз. Қысқаша айтқанда мерекелік образ үшін 110 мың теңге жұмсадық. Әрине, қыз болған соң мереке алдында сән салонына бармау мүмкін емес. Бет әрлеу мен шаш үлгісі үшін тағы да 20 мың теңге қосыңыз", - дейді тұрғын.

Қорыта айтатын болсақ, бүгінде бір баланы мектеп бітіру кешіне дайындау үшін 130 мың теңгені талап етеді.

Бауыр еті баласының жұрттан кем қылмай, ең керемет күнін қалағанындай қылып өткізу үшін дәл осылай жыл сайын талай ата-ананың қалтасы қағылары хақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735323-almatyda-e-bedeldi-mektepte-okityn-tlek-bitiru-kesine-kansa-karzy-zmsajdy/

pixel