RU
Өскеменде жаздың күні Аяз ата болып киініп келген полицейлер жұрттың ішек-сілесін қатырды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде жаздың күні Аяз ата болып киініп келген полицейлер жұрттың ішек-сілесін қатырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бірінші маусым - халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай өскемендік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін Аяз атамен қуантты. Бұл туралы ustinka.kz сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Пресс-служба акима ВКО

Фото: Пресс-служба акима ВКО

Далада - жаз, ал Өскемендегі балалар үйінде - қыс. Мерекеге арнайы тәртіп сақшылары ғана емес, тіпті Аяз атаның өзі келген.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, балалар түрлі ойындар ойнап, сыйлықтар ұтқан. Аяз атаны шыр айналып, оған өлеңдер оқып, жаздың не екенін айтып берген.

"Біз балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін алдын-ала ойыншықтар, киімдер мен түрлі-түсті шарлар сатып алдық", - деді Өскемен қаласының ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кететін жайт, тәртіп сақшылары бірнеше жыл қатарынан ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға өз қамқорлығын көрсетіп келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel