Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші немересін көре алмаған анасын еске алып, елді жылатты

Опубликовано:

Еліміздегі белгілі тележүргізуші Әйкерім Есенәлі қайтыс болған анасы туралы желіде керемет жазба қалдырды. Оның осыдан 11 жыл бұрын марқұм болған анасына арнаған сөзі оқырмандардың жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әйкерім Есенәлі. Фото: Instagram
Әйкерім Есенәлі. Фото: Instagram: UGC

Әйкерім осыдан он бір жыл бұрын дүниеден озған анасының туылған күнін бала кезінде қалай қарсы алатыны туралы айтқан. Тірі болса биыл Пайғамбар жасына келетін анасына деген сағынышын да жасырмады. Осы күні жандарында отырып немересін иіскеп, құдаларымен құшақтаса алмағанына өкінішін білдірді.

"Жыл сайын осы күнді тосын сый жасауға талпынып, жиған-терген тиын-тебенге сыйлық алып, үйді жинап қойып, бетін қайта-қайта сүйгіштеп, мойнына оратылып өткізетінбіз. Бірақ кейінгі он бір жылда жыл сайын осы күні мұңайып қалатын болдым. Тірі болса, биыл Пайғамбар жасты еңсерер еді. Құдаларымен құшақтасып, кенже қызынан көрген немересін құшырлана иіскеп отырар еді ортамызда. Шіркін-ай. Жаратқан Жәннаттың ең төрінен орын нәсіп етсінші, бейнетті көп көрген менің асыл анама.

Менің "мама" болғанымды көрмегенің өкінішті. Маған берген шексіз маxаббатың үшін ғана Жаратқан разы болсын, мама", - деп жазды Әйкерім.

Тележүргізушінің жүрек елжіретерлік сағынышқа толы жазбасына оқырмандар да бей-жай қалмады. "Анаңыз иманды болсын. Көрер қызығын артында қалған балаларына жазсын", "Анаңыздың жатқан жері жайлы болсын", - деп жарыса жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735327-tanymal-telezrgizusi-nemeresin-kre-almagan-anasyn-eske-alyp-eldi-zylatty/

pixel