RU
Ажал шақырған ауру: Менингиттен санаулы күнде 12 адам қаза тапты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ажал шақырған ауру: Менингиттен санаулы күнде 12 адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Алғашында қауесет ретінде қабылданған менингит ауруының таралу деңгейі бүгінде толық шындыққа айналып барады. Осыған орай NUR.KZ порталы жұқпалы індеттен көз жұмғандардың бұл дертті қалай дендетіп алғанын анықтап көрді.

Көрнекі фото blogoduma.ru

Көрнекі фото blogoduma.ru

Бүгін журналистермен сұхбаттасқан Денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясынан елімізде 12 адам көз жұмғанын айтты. Оның бесеуі 14 жасқа дейінгі балалар екен.

Көктем айында белең ала бастаған аурудан 19 мамырға дейін екі ересек адам мен бір кішкентай бала қайтыс болған.

Бұл жолы инфекциядан көз жұмған бір адамның өліміне органдық жетіспеушілік пен иммунитетінің төмен болуы себеп болған. Ал тағы бір бала мен ересек әйелде менингококкты инфекцияның жедел таралу түрі болыпты.

Бұл ретте марқұм болған әйел тамағы мен басының қатты ауырып тұрғанына қарамастан, үйде өз бетінше емделіп, тіпті сүйретіліп жұмысына да барған. Алайда қызмет орнында оның жағдайы күрт нашарлап, әріптестері жедел жәрдем шақырған. Науқасты ауруханаға жеткізгенде, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

24 мамыр күні Алматыда бірінші курс студенті менингококк инфекциясының құрбанына айналды. Ол ауруханаға сол күні таңертең түскен. Бірақ кешке ауруының асқынуынан көз жұмды.

28 мамыр күні Талдықорған қаласындағы үш жасар сәби өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды.

28 мамыр күні Алматы облысы Қарасай ауданында 22 жастағы жігіт мерт болды. Ол "Алтын Орда" базарында жұмыс істеген көрінеді.

1 маусым күні Алматыда бес жастағы балақай кешкі 19:00 шамасында менингиттің тез асқынатын түрімен ауруханаға жеткізілген. Ал екінші маусым күні түнгі сағат 2-лер шамасында ол қаза болады.

2 маусым күні Алматы облысында 19 жастағы қыз жұқпалы аурулар ауруханасына таңертең сағат 07.25-те түсіп, екі сағаттан кейін қайтыс болған. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының айтуынша, қыз осының алдында ғана көз жұмған бес жасар баламен таныс болыпты.

3 маусымда Алматының 27 жастағы тұрғыны осы инфекциядан қайтыс болды. Ол 2 маусым күні дәрігерге көрінгенімен, ауруханаға жатпай үйінде емделеді. Содан кейін ауруы асқынып, түнгі уақытта жедел жәрдем шақыртқан.

4 маусым күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының 27 жастағы тұрғыны аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде мерт болды.

Бір-бірімен туыстық байланыста болған екі адамның өлімінен кейін олардың жақыны елге жанайқайын жеткізген. Алматылық әйелдің айтуынша, жедел-жәрдем қызметі науқастарды нақты қай ауруханаға жатқызатындарын білмей, уақыттан «ұтылған».

Осылайша, қауіпті инфекция елімізде белең ала бастағаннан кейін Денсаулық сақтау министрі осы ауру салдарынан көз жұмған әр оқиғаны жіті бақылауға алып, тексеру жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.

Еске салсақ, осыған дейін менингококк инфекциясының алғашқы белгілері мен одан қорғанудың жолын жазған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel