RU
24 жасында 5 баласымен далада қалған атыраулық әйел қара нанға зар болып отыр
Жаңалықтар Қоғам

24 жасында 5 баласымен далада қалған атыраулық әйел қара нанға зар болып отыр

Рассказать Вконтакте

24 жасында бес баласымен көшеде қаңғып қалған атыраулық келіншек көптен көмек сұрады. Самал Телеуова 16 жасында тұрмысқа шыққан. Бүгінде балаларының алды жеті жаста болса, кішісі екіде деп хабарлайды "Мой Город" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Олар шаңырақ көтергеннен кейін бірнеше жылдан соң Самалдың күйеуі туберкулез ауруына шалдығып, жұмыстан босап қалған. Әйелінің мойнына масыл болып мінген ер адам, ақыр соңында келіншегін сабайтын болыпты.

"Мен түнімен нан өнімдерін пісіріп сатып, күнімізді көрдік. Жұмысыма таңертең кетіп, түнде келетінмін. Түндегі жұмысымнан қызғанған күйеуім маған "өзгелермен қыдырасың" деп айып тағып, ұруды әдетке айналдырды. Осыдан кейін біз ажырасып, қайта қосылып жүрдік. Соңғы рет ол менің басымды балтамен жармақ болғанда көршілерім араша түсті. Осыдан соң біз ажырасып тындық.

Самал бүгінде 7, 6, 4, 3, 2 жастағы балаларымен екі бөлмелі пәтерді ай сайын 30 мыңға жалдап отыр. Көпбалалы ана балаларына мемлекеттен он мың теңге жәрдемақы алады екен.

Фото: Мойгород

Фото: Мойгород

"Күніне кезекшілікпен жұмыс істеп, 2000 теңге табамын. Маусым айына үйдің алты мың теңгесін төледім. Кейде тамаққа ақша таппай қалған күндерім болады. Мұздатқыш мүлде бос тұрады. Кей күндері нан мен суды ғана қорек қаламыз", - деп жанайқайын жеткізді Самал.

Самалдың анасы да алты баланың анасы болғандықтан, қызына қолұшын беруге еш мүмкіндігі жоқ екен.

Бес баланың анасы күйеуімен заңды түрде ажыраспағандықтан, балаларына алимент те алмайтын болып шықты.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Көпбалалы ана кез-келген материалдық көмекке мұқтаж! Өзінің банк карточкасы болмағандықтан, ол әпкесінің счетын пайдаланған.

Ақтолқын Телеуова: 6233 5710 1630 8534

Мекен-жайы мен нөмері: Атырау қаласы, Досмұхамедова көшесі 22.

Самал 87020256794

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
16
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір