RU

Энергетика вице-министрі үй қамауына алынды

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамауына алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: BNews.kz
Фото: BNews.kz: UGC

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметінше, ол "Аймақ және К" ЖШС" мердігер ұйымының мүддесін қорғап, қызметтік құзыретін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Атқарылған жұмыс көлемі 30 есе көбейтіп көрсетілгенін біле тұра, Жақсалиев су қоймасының түбінен 109 мың текше метр лай алу туралы актілерге заңсыз қол қойған, бұл жұмыстарды атқаруға мердігер ұйымға 863 миллион теңге ақша бөлінген.

Қазір күдіктіге қатысты "үй қамауына алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735351-energetika-vice-ministri-j-kamauyna-alyndy.html