RU
Министр: Менингитке қатысты жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап береді
Жаңалықтар Қоғам

Министр: Менингитке қатысты жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап береді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде менингококк инфекциясының таралуына орай, тілшілердің қатысуымен арнайы брифинг өткізді. Онда еліміздің бас дәрігері қауіпті инфекцияға қатысты жаппай екпе жасаудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен бірге министр инфекцияға байланысты жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретіндігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елімізде жаппай екпе жасау үшін, "дертке шалдыққан науқас саны аз" көрінеді.

"Тағы да қайталап айтамын, вакцинация бастаудың қажеті жоқ. Себебі екпе өз нәтижесін беру үшін, оны 2-3 ай бұрын жасау керек. Қазір науқас осы дертпен ауырып, оған екпе салғанымен ол оған көмектеспейді. Оны алдын сала салу керек және елімізде оған шалдыққан адам аз. Біз барлық жұмыстарды дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес және біздің елдегі нормативтік-құқықтық актілерге сай жасап жатырмыз", - деді министр.

Елжан Біртанов, сондай-ақ, министрліктің "менингококк инфекциясына қарсы екпені сату үшін, ведомство әдейі дүрбелең туғызды" деген "алып-қашпа" әңгімелерге нүкте қойды.

"Бізге бұлай қолдан дүрбелең жасауға еш себеп жоқ. Қандай қисынсыз сұрақтар қоясыздар? Түсінбеймін. Егер біз екпені сатқымыз немесе оны сатып алғымыз келсе, біз "екпені сатып алудамыз" деп мәлімдеуші едік. Қазіргі таңда тағы да қайталап айтамын, екпені сатып алып, оны жаппай егуге, яғни егілуі тиіс 13 млн адамға вакцина жасаудың еш қажеті жоқ. Себебі біз эпидемия кең етек алған елдер қатарынан емеспіз және ол деңгейден 7-8 есе аз көрсеткіш көрсетіп отырмыз. Сол сияқты ауқымды жұмыс жүргізетіндей, науқасқа шалдыққандардың саны шектік деңгейден 2 есе аз болып отыр. Сіздерден бұл ретте айтарым, халыққа дұрыс ақпаратты жеткізсеңіздер, алып-қашпа әңгімелерді оларға жеткізбесеңіздер екен деймін", - деді министр.

Ведомство басшысы аталған мәселеге қатысты "жақ ашпай отырған" Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасына қатысты да пікір білдірді.

"Егер әкімдіктің денсаулық сақтау басқарамасына қатысты айтар болсам, онда тілшілерге мәлімет беруге қатысты ешқандай мәселе туындамады деп айта аламын. Біз олармен бірлесе жұмыс істейміз. Бүгін таңертең ғана қала әкімінің басшылығымен штаб жиналысы өтті. Демалыс күндері әкім орынбасары деңгейінде жиналыстар өтті. Сондықтан, жұмыс жүргізіліп жатыр. Түсінсеңіздерші бізге де жұмыс жасау үшін уақыт керек қой? Біз 24 сағат бойы БАҚ өкілдерімен отыра алмаймыз ғой?", - деп шүйлікті министр.

Елжан Біртанов, халыққа "желіде тарап кеткен жалған хабарламаларға сенбеуге" шақырды. Ведомство басшысының айтуынша, мұндай жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беруі тиіс екен.

"Енді осы мәселені ушықтаруға келер болсақ. Қазір бас прокуратура тергеуді бастап та кетті. Егер осыған қатысты қандай да бір заң бұзушылық фактілер орын алатын болса, оның ішінде жалған хабарламалар тарату да бар, мен бұл адамдардың бәрі жауапқа тартылуы тиіс деп ойлаймын. Бұл әсіресе ел арасында дүрбелең туғызбауы үшін қажет", - деді министр.

Министр өз кезегінде көпшілікке тек "сенімді ақпаратқа ғана" сенуге шақырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір