RU
ОҚО-да төрт жасар бала арыққа құлап мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да төрт жасар бала арыққа құлап мерт болды

Рассказать Вконтакте

ОҚО Түлкібас ауданы Жаскешу ауылында суарма арықтан төрт жасар баланың денесі табылды. Оны жергілікті тұрғындар судан алып шыққан деп хабарлайды ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото kzvesti.kz

Көрнекі фото kzvesti.kz

Аз ғана уақытқа ата-анасының қарауынсыз қалған бала көшеде ойнап жүріп, суарма арыққа құлап кетеді.

Оның ата-анасы мен басқа да тұрғындар баланы құтқаруға талпынып, бірлесе әрекет еткен.

Ересектер баланы 15 минут өткен соң ғана қуып жеткен. Алайда оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмапты. Балақай суға тұншығып қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel