RU
Қасиетті Рамазанда жақсылып жасап жарысқан жұлдыздар кімдер?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қасиетті Рамазанда жақсылып жасап жарысқан жұлдыздар кімдер?

Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айында сауапты істерді барынша көп жасаған дұрыс. Осы қасиетті айда қайырымдылық жасап көпшіліктің алғысына бөленген отандық жұлдыздар кімдер? NUR.KZ оқырмандары үшін арнайы шолу жасады.

Фото Айдана Меденованың instagram парақшасынан алынды

Фото Айдана Меденованың instagram парақшасынан алынды

Айдана Меденова – әнші әрі танымал бизнес-леди желіні шулатқан бір жарым жасар Әлима Көпейдің еміне бір миллион теңге аударды. Әнші бұл қайырымдылықты жалғыз жасаған жоқ, желіде оқырмандарының арасында конкурс өткізу арқылы, керекті қаражатты жинады. Нәтижесінде өмір үшін жанталасқан сәбиге ақшалай көмек берілді.

Фото: Мөлдір Әуелбекованың instagram парақшасынан алынды

Фото: Мөлдір Әуелбекованың instagram парақшасынан алынды

Мөлдір Әуелбекова – осыдан біраз уақыт бұрын әншінің 600 мың теңгеге бокс қолғабын сатып алғаны туралы айтқанбыз. Бастапқыда қолғапты не үшін алғанын жасырын ұстаған Мөлдір, жақында желіде бар шындықты жайып салды. Айтуынша қолғапты қайырымдылық үшін жасалған аукционда сатып алған. Мөлдір ораза айында осылайша жақсылық жасауға тырысқан екен.

Ерке Есмахан

Ерке Есмахан

Ерке Есмахан – "хит" әндердің орындаушысы, бұл жолы өзінің бес жасар тыңдарманын арнайы іздеп барды. Кішкентай Әсиманың дертінің алдында медицинаның өзі әлсіз болып отыр. Дегенмен, сәбидің арманы әнші Еркені көру болған екен. Ерке де қасиетті айда Әсиманың тілегін орындап, сый-сыйапаттарымен бірге барып қайтты.

Фото: Кәмшат Жолдыбаеваның instagram парақшасынан алынды

Фото: Кәмшат Жолдыбаеваның instagram парақшасынан алынды

Кәмшат Жолдыбаева, Бейбіт Құшқалиев, Айқын – танымал әншілер тобы Астана қаласындағы балалар үйіне қайырымдылық кездесуге барып қайтты. Сәбилердің сұрақтарына жауап беріп, суретке түсіп көңілді уақыт өткізген олар, бұл туралы желіде айтқан болатын.

Фото Аишаның instagram парақшасынан алынды

Фото Аишаның instagram парақшасынан алынды

Аиша – Бүркіттің айдай сұлу жары Аиша да қайырымды істен құр қалғысы келмеді. Әншінің келіншегі желіде сахналық көйлектерін сатты. Аиша тиісінше сатылымнан түскен ақшаны Әлима Көпейдің еміне аударатынын жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel